Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді.
87 кило салмақта белдескен қандасымыз жартылай финалда сүрінгенімен, үшінші орын үшін тартыста жапониялық Такахиро Цурудоны жолынан ығыстырып, қола медальді мойына ілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы осыған дейін Үндістанның астанасында қос жүлдені иеленген болатын. Атап айтсақ, 77 кило салмақта күш сынасқан Тамерлан Шадукаев Азия чемпионы атанса, 55 кило салмақта белдескен Қорлан Жақанша қола медальді еншіледі.