Бокстан Қазақстанның әйелдер командасы 3-11 наурыз аралығында Иорданияның бас шаһары – Амманда өтетін іріктеу турнирінде қандай құрамда өнер көрсететі белгілі болды.
Бас бапкері Ерік Алғабектің таңдауы Ангелина Лукас (51 кило), Дәметкен Келімбет (57 кило), Римма Волосенко (60 кило), Валентина Хальзова (69 кило) және Надежда Рябец (75 кило) сынды былғары қолғап шеберлеріне түскен екен.
Аммандағы жарыста 51 кило салмақ дәрежесінің алты жолдамасы сарапқа салынса, қалған төрт салмақта жартылай финалға шыққан арулар Токио Олимпиадасында күш сынасу құрметіне бөленеді.
Ал екінші лицензиялық турнир мамыр айында Францияның астанасы – Парижде ұйымдастырылады.