• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 19 Ақпан, 2020

Кәсіпқой бокс: GGG-нің жекпе-жегі кейінге шегерілді

292 рет
көрсетілді

Сәуір айында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалу үшін польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасуға тиіс еді.

Алайда жуырда ғана жаттығу барысында GGG жарақат алып қалды. Сол себепті де қазақстандық боксшының командасы айтулы ұйым басшыларына сәуірде өтуге тиіс жекпе-жекті бірер айға кейінгі шегеру жөнінде өтініші білдірді. Егер IBF қолдаса, онда қос мықты арасындағы бәсеке мамыр айының соңында немесе маусым айында өтуі мүмкін.

Жалпы Камил Шеремета да осал боксшы емес. 30 жастағы Польшаның тумасы 2012 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол аралықта 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бес кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Осы табысының арқасында орта салмақта Еуропа чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Бүгінгі таңда Польша боксшысы WBC пен WBA нұсқалары бойынша үздік үштіктің қатарында.