• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Ақпан, 2020

Теннис: Бублик Марсельдегі турнирдің ширек финалына шықты

69 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.

Тұсаукесер кездесуде әлемнің 55 ракеткасы атанып отырған жерлесіміз АТР рейтингінде 73 орында тұрған Мажарстанның өкілі Мартон Фучовичті 6:4, 7:5 есебімен жеңген еді.  

Келесі кезеңде Бубликтің жолы кезінде Уимблдон және АҚШ-тың ашық біріншілігінде төртінші кезеңге дейін жетіп, бұл күндері үздіктер тізімінде 20 сатыға жайғасқан Франция теннисшісі Бенуа Пэрмен күш сынасты. 1 сағат 37 минутқа созылған бұл бәсеке 3:6, 6:4, 6:4 есебімен отандасымыздың пайдасынан шешілді.

Ширек финалда Александр Бублик хорватиялық Марин Чилич пен канадалық Денис Шаповалов арасындағы матчтың жеңімпазымен шеберлік байқасады.