• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Күрес 23 Ақпан, 2020

Күрес: Данияр Қайсанов - Азия чемпионы!

240 рет
көрсетілді

Үндістанның астанасы – Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Данияр Қайсанов бас жүлдені олжалады.

74 кило салмақта өнер көрсеткен қандасымыз ирактық Карам Шәкір Махмұт (10:0) пен жапониялық Дайши Такатаниге (9:4) тізе бүктеріп, финалда жарыс қожайыны Житендер Житендерді (3:1) жеңді.  

Осылайша, қандасымыз екінші мәрте Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2019 жылы Сианьда топ жарды. Одан бөлек, Даниярдың әлем және құрлық чемпионаттарының қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері деген атақтары бар.