• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Ақпан, 2020

«Астананың» велошабандозы Испанияда топ жарды

218 рет
көрсетілді

Велоспорттан Испанияда өткен «Андалусия Вуэльтасы» деп аталатын халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Осы көпкүндіктің соңғы бесінші кезеңіне бельгиялық Дилан Тенсті алға жіберген «Астананың» сапындағы даниялық велошабандоз Якоб Фульсанг екінші орынды иеленді. Десек те бұл нәтиже Фульсангтың жалпы есепте жарыс жеңімпазы атануы үшін жеткілікті болды. Осылайша, ол қатарынан екінші мәрте айтулы көпкүндікте топ жарды. 

Якоб Фульсангтің «Андалусия Вуэльтасындағы» нәтижесі – 17:47:58. Екінші орын алған аустралиялық Джек Хайг («Mitchelton-Scott») «Астананың» велошабандозынан 59 секунд қалып қойды. Қазақстандық команданың тағы бір мүшесі Йон Исагирре үшінші сатыға жайғасты.