• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2020

Елордада бүгін қар тазалау жұмыстарына 1 203 жұмысшы жұмылдырылды

139 рет
көрсетілді

Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 415 техника бірлігі мен 1 203 жол жұмысшысы тартылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

25 ақпаннан 26-на қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1 243 техника бірлігі мен 156 жол жұмысшысы жұмылдырылып, 37 392  текше  метр қар шығарылды (3 116 рейс).

Ал жалпы осы уақытқа дейін 393 024 рейс жасалып, барлығы 4 716 349 текше метр қар полигондарға төгілді.