• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2020

Хабарсыз кеткен кәсіпкер: Қылмыстық іс қатаң бақылауда

1313 рет
көрсетілді

Бұған дейін Қызылордадағы үйінен 15 ақпан күні шығып кеткен кәсіпкер Тынымбай Баженовтың хабарсыз кеткендігін, осыған байланысты жақындарының арызы Қызылорда ҚПБ-да тіркеліп, іздеу жұмыстары жүріп жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

Полицейлер хабарсыз кеткен азаматты іздеу үшін арнайы топ құрып, оған еріктілер де қосылды. Кейінірек бұл топ қатары төтенше жағдайлар жөніндегі департамент күштерімен толықты. Бірақ, іздеу жұмыстары әлі нәтиже берер емес. Соған қарамастан, Сырдария өзенінде іздестіру жұмыстары да әлі жалғасуда.

Облыстық прокуратура мен полиция департаментінің басшылары осы мәселеге байланысты арнайы жиын өткізді. Осы оқиғаға байланысты 24 ақпанда облыстық прокуратураның нұсқауына сәйкес ҚР ҚК 99-бабымен іс қозғалды. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Қалған мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес жария етілмейді. Қылмыстық іс облыстық прокуратура, полиция департаменті басшыларының бақылауында тұр.