Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» Акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары және теміржол саласын дамыту перспективалары жайында баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сауат Мыңбаев Қазақстан Президентіне компания жұмысына қатысты кейбір заңнамалық және реттеу аспектілеріне қатысты мәлімет берді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауат Мыңбаевқа жүк тасымалының көлемін ұлғайту, контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру секілді бірқатар нақты тапсырма берді.