Бүгін Nur Otan партиясының орталық аппаратында Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Омарбекованың төрағалығымен жастарды қолдау бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.
Комиссия құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары, атқарушы орган өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары және белсенді жастар кірді.
Отырыста Денсаулық сақтау вице-министрі Надыров Камалжан, Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Сапарова мен комиссия төрағасы Жұлдыз Омарбекова сөз сөйледі.
Күн тәртібінде еліміздегі жастардың денсаулық жағдайы мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, жастар арасындағы әлеуметтік-маңызды мәселелердің алдын алу: суицид, аборт, туберкулез, ерте жүктілік және т.б.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша мониторинг Jas Otan Жастар қанатымен бірлесіп өткізілді.
Денсаулық сақтау вице-министрі тап өткендей, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым міндеттерінің бірі - жастардың денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды іске асыру. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мектеп психологтарын; БМСК мектеп медицина қызметкерлерін жасөспірімдер арасында суицид қаупін ерте анықтау үшін оқыту; еліміздің 17 өңірінде жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламаны енгізу; психиатриялық көмек көрсетуді жетілдіру; ДДҰ-ның «денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер», «Саламатты университеттер» жобаларын одан әрі енгізу жоспарланған.