• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Ақпан, 2020

Елбасы Хосни Мубарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

125 рет
көрсетілді

Елбасы Мысыр Араб Республикасының бұрынғы Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Мен Мұхаммед Хосни Мүбаракпен бірнеше мәрте кездестім. Ол Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына маңызды үлес қосты.

Осынау азалы сәтте Мысыр халқына және марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», - делінген Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің атына жолданған жеделхатта.