Бұл туралы China Daily басылымы хабарлады. Шанхайда 25 миллион адам тұрады, бірақ 26 ақпандағы жағдай бойынша бұл жерде тек 337 жұқтыру оқиғасы тіркелген.
Чжан Вэнхонг бұл болжанғаннан әлдеқайда аз екенін айтады. Оның айтуынша, коронавирустың тым тереңдеп кетпеуіне сақтық шаралары ықпал еткен. Қала билігі ауру жұқтырған адамдарға ғана емес, ауру жұқтыруы мүмкін деп табылғандарды да екі ай бақылауда ұстаған. Олардың көпшілік жиналған орындарына баруға тыйым салған. Сол себепті осы ауру түріне байланысты болған өлім деңгейі бір пайыздан аз.
«Шанхай COVID-19-бен күресте баға жетпес тәжірибе жинады, соның негізінде эпидемияның ғаламдық таралуын алты ай бойы бақылауға мүмкіндік туды» деді Чжан Вэнь Хонг.
Оның айтуынша, бірінші кезекте - коронавирус аурулары тіркелген аймақтардан қалаға келгендердің барлығына 14 күндік үйге міндетті карантин енгізу. Мұны Қытайдан тысқары елдерде де жалпыға бірдей міндеттеу керек. Себебі дерттің бұл түрі ауамен тарайды. Сондықтан жекелеген елдердің ғана сақтық шараларын қолданғанының әсері аз.
«Екіншісі - халық көп жиналатын жерлерді дереу жабу. Бұдан кейін эпидемияға ұшыраған қалаларда аурулары тек COVID-19 белгілерін анықтауға бағытталған ауруханалар ашылуы керек» деді Чжан Вэнь Хонг.
Оның айтуынша, мұндай алдын алу шаралары жаңа инфекциялардың санын бес ай ішінде нөлге дейін түсіруі мүмкін. Ал бір-екі айда вирус көзі деп табылған қала тұрғындарының өмірі қалыпты жағдайға түседі» деп сөзін түйіндепті Чжан Вэнь Хонг.
Қытайлық сарапшының ұсынысын қаперге алып жүру керектігін алыс-жақын мемлекеттердің басшылары да айтып жатыр.