Аустрияның Шпитталь-ан-дер-Драу қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Еуролига додасы өз мәерсіне жетті. Бұл жарысты Алматының «Айсұлуы» қола медальмен қорытындылады.
Еуропаның әйелдер хоккей лигасының 2019/2020 жылғы маусымында үшінші орынды иеленген «Айсұлу» «Төрттік финалында» күш сынасу құрметіне ие болған еді.
Жартылай финалда жерлестеріміз Мажарстанның «KMH Budapest» клубымен күш сынасты. Бұл бәсеке қарсыластарымыздың пайдасынан шешілді. Есеп – 0:2.
Үшінші орын кездесуде біздің қыздар Италияның «EVB Eagles South Tyrol» командасынан айласын асырды. Есеп – 2:1. Сөйтіп, биылғы Еуролига жарысында «Айсұлудың» арулары қола медальді иеленді.