• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Наурыз, 2020

Велоспорт: Берлинде жүлде бұйырмады

78 рет
көрсетілді

Германияның бас шаһары – Берлинде велотректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасына бірде-бір жүлде бұйырмады.

Құрамында Максим Налетов, Сергей Пономарев және Андрей Чугай сынды спортшылары бар қазақстандықтар командалық спринтте 13 орын алды. Неміс жеріндегі ең үздік көрсеткішіміз осы. 

Гитте Андрей Чугай 13 орынды еншілесе, Сергей Пономарев 22 сатыға жайғасты. Роман Василенков топтық сайыста 21 орынға табан тіреді. Сол секілді жарыс жолына шыққан өзге велошабандоздарымыздың да нәтижесіне көңіліміз толмады.