Коста-Риканың Плайя Эрмоса қаласында триатлоннан Панамерика кубогы жолындағы жарыс аяқталды.
Өкінішке қарай, бұл жарыста Қазақстанның спортшыларына бірде-бір жүлде бұйырмады. Ерлер арасындағы бәсекеде әр құрлықтан келген 70-ке жуық триатлоншы бақ сынады. Бас жүлде америкалық Джейсон Уэстке (58 минут 57 секунд) бұйырды.
Күміс медальді оның отандасы Арам Мишель Пеньафлор Мойсен (59 минут 05 секунд) иеленсе, колумбиялық Карлос Хавьер Квинчара Фореро (59 минут 19 секунд) қолаға қол созды. Жерелстеріміздің арасынан Темірдан Теміров ең үздік нәтиже көрсетті. 1 сағат 00 минут 17 секундта мәрге жеткен ол 10 орынға табан тіреді.
Әйелдер сайысында америкалық Рене Томилин мен Мариса Феранте бірінші және екінші орынды өзара бөліссе, аргентиналық Ромина Биаголи үшінші сатыға жайғасты.