Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған келіссөздер барысында «Астана процесінің» маңызды рөлі туралы айтылған болатын.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Әңгіме соңында тараптар биылғы Қазақстан мен Ресей саяси байланыстарының жоғары белсенділігін атап өтті.