• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2020

БҰҰ: Ресми отырыстар қысқартылған режімде өтеді

267 рет
көрсетілді

БҰҰ Жұмыс органдарының ресми отырыстары қысқартылған режимде өткізіледі. Бұл туралы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов Facebook парақшасында жазды. 

«Туристерге арналған барлық экскурсиялар тоқтатылды, ғимаратқа дезинфекциялық сұйықтықтары бар қондырғылар орнатылды. Инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша барлық шара қабылдануда. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүгін БҰҰ штаб-пәтерінде 16 наурыздан бастап сәуір айының соңына дейін барлық сайд-ивенттерді (ілеспе іс-шараларды) алып тастады.

Хатшылықтың қызметкерлері аптасына үш күнге дейін (ауруға жоғары қаупі бар адамдарға - 5 күнге дейін) қашықтықтан жұмыс істеу режіміне көшті. БҰҰ ұйымдарының көптеген ресми отырысы қысқартылған режімге көшеді немесе қашықтан өтеді.

Ұлыбритания, Дания, Канада, Швейцария, Жаңа Зеландия, Ирландия, Бразилия, Фиджи, Мальта, Норвегия, Парагвай, Словакия, Аустралия, Кирибати және басқа да елдердің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктері өздерінің офистерін жауып, толығымен қашықтан жұмыс істеу режіміне өтті» деп жазды ол.