• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Наурыз, 2020

Коронавирус: «Франкфурт-Алматы» рейсінде қай ел азаматтары болды

215 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған жолаушы анықталған «Франкфурт-Алматы» рейсінде қай елдердің азаматтары болғанын айтты.

«Франкфурт-Алматы» әуе бағдары тұрақты рейс болып саналады және жолаушылар ортақ терминал арқылы шықты. Біз 73 жолаушыны анықтадық, оның 41-і Қазақстан азаматы, ал қалғандары басқа елдердің тұрғындары. Атап айқанда, ең көбі Германия азаматтары болса, 16-сы басқа елдердің азаматтары» деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатыны айтылды.