Азаматтарды қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter парақшасында жазды.
«Төтенше жағдай режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор қызметшілерінің 70%-ін қашықтықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.