Бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен облыстық мәслихат сессиясында бекітілді.
–Жоспарланған оңтайландыру көлемі 3,6 млрд теңгені құрады, – деп мәлімдеді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев. – Бюджет комиссиясының шешімі бойынша босаған қаражат және қосымша қаржыландыру көздері бірнеше міндетті атқаруға жұмсалады.
Яғни, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және бағаның өсуіне жол бермеу. Тұрақтандыру қорын толықтыру бойынша ұн, күріш, қант, күнбағыс майы, көкөніс сияқты басқа да өнімдерді сатып алуға бюджеттен 1 млрд теңге бөлінеді.
Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, бюджетті оңтайландыру қалыптасқан экономикалық жағдайда тәуекелдерді төмендетуі тиіс.
– Біз жасалған шарттар мен қабылданған міндеттемелерге қарамастан, алдын-ала жоспарланған жобалар мен іс-шаралардан бас тартамыз, – деп мәлім етті өңір басшысы. – Өйткені, азық-түлік қорын қалыптастыру, эпидемияға қарсы, су тасқынына қарсы іс-шаралар тез арада шешім қабылдауды талап етеді.
Сонымен бірге, облыс әкімі қала және аудан әкімдіктеріне де өз бюджеттерін қайта қарауды тапсырды.
Алдын ала есептеу бойынша, жергілікті жерлердегі оңтайландырудың көлемі 1 млрд теңгеден кем болмайды.
Бұл қаражат та халықтың өзекті және маңызды мәселелерін шешуге бағытталады.
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген: Валерий Бугаев