• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Наурыз, 2020

COVID-19: Францияда көз жұмғандар саны 450 адамға жетті

165 рет
көрсетілді

Францияның денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан тағы 78 адамның көз жұмғанын хабарлады. Осылайша бұл кеселден қаза тапқандардың қатары 450-ге жетті. Ал инфекция жұқтырғандардың саны 12 мың 612 болды. Мыңнан астам адам ауыр халде жатыр.

Таяуда билік аймақтағы көптеген ғимараттар мен саябақтарды жауып тастады. Шектеулер тек демалыс күндеріне ғана арналған. Қоғамдық орындарда күн де залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.