• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2013

София Ротаруға үйленгісі келетін бір кісі бар

366 рет
көрсетілді

Белгілі украин-молдован әншісі София Ротаруға қатты табынатын және оны өзінің әйелі еткісі келетін бір сұмдық тбынушысы бар. Бұл туралы өнер жұлдызының концерт директоры Игорь Курилев айтып отыр.

«Соняға бір табынушысы тыныштық берер емес. Ол бұған үйленгісі келетінін ұдайы жазып тұрады», дейді ол. Сол табынушысы әншіге жазған хаттарында: «София Михайловна, менің бес бас сиырым, жүз дана қазым бар, - деп жазатын көрінеді. – Маған келіңіз. Менде сіз тұратындай жақсы жер бар!»

Бірақ әнші әзірге жұмысын тастағысы келмейтін сияқты. Ол кетудің реті келген кезде бәрін қоя салатынын айтады. «Жұрт сахнадан қолмен шығарып салғанға дейін жүре бермей, дер кезінде кете білу керек», дейді әнші.

Әзірге жасы 65-тегі София Ротару бабында тұр.

Сұлтан Бозайғыр.