• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 31 Наурыз, 2020

Ұн квота арқылы экспортталады

245 рет
көрсетілді

Бұған дейін елімізде үшінші елдерге бірқатар азық-түлік тауарын, оның ішінде қарақұмық пен қант экспортына тыйым салу туралы шешім қабылданған болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланған мәлімет бойынша, 15 сәуірге дейін қарақұмық жармасы, қант, картоп, сәбіз, пияз және қырыққабатты сыртқа экспорттауға шектеу қойылды. Сонымен қатар бұған дейін ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында бидай экспортына шектеу енгізілген болатын.

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігіның сайтында енді ұнды республикадан тыс жерге квота арқылы шығаруға болатыны туралы хабарлама тарады. Квоталарды бөлу мен олардың көлемі алдағы уақытта аталған министрліктің ресми интернет ресурсында орналастырылады.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 млн тонна, оның ішінде азық-түлік – 6,4 млн тонна, тұқымдық – 1,5 млн тонна, жемдік – 1,3 млн тонна астық бар.