Алматы облысының Кеген ауданында «Жерұйық Кеген жастары» атты қоғамдық ұйым бар. Құрылғандарына көп уақыт болмасада қор аудандағы ізгі шаралардан қалмай, қайырым жасауға бет бұрған. Жақында ұйымның құрылғанына бір жыл толуына орай жастар бастама көтеріп, мұқтаж отбасына тұрғын үй сатып әперіпті.
Жалпы, мұндай игі қадам Жетісудың барлық ауданында жасалып жатыр. Бірақ, Кеген жастарының бұл қадамы айтуға тұрарлық. Олар ауданнан көшіп кеткен, қазір қала маңында тұратын жерлестерін іздеп, тауып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған әулеттер мен көп балалы отбасыларға да көмектесугді бастапты. Мысалға, өткенде баспана сыйлаған отбасы бұған дейін аудандағы Тасашы ауылында тұрған екен. Қазір Алматы қаласына жақын талғар ауданының Бесағаш ауылына қоныс аударған. Жерлестерінің жақсылығын көрген Азамат 5 қыз, 1 ұлды өзі тәрбилеп отыр. Отанасы дүние салғасын балаларына жетімдік зарын тартқызбау үшін тырбанып келеді. Қала маңына да сол үшін көшіп кетті. Пәтер жалдап күнелтіп отырған. «Жерұйық Кеген жастары» қорының қайырымы бұл үшін күтпеген іс еді. Қуаныштысы, Азаматтың ұл-қызы Бесағаштағы жылы да жарық үйде өсетін болды. Енді олардың орталық су желісі мен көгілдір отыны қосылған 4 бөлмелі баспанасы бар.
Алматы облысы