Қазақстандықтарға көлікті онлайн түрде тіркеуге мүмкіндік берілетіні туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты.
«Алдағы уақытта танымал қызметтің бірі - автокөлікті тіркеуді онлайн режимге ауыстырамыз. Бұл автокөлік салонынан сатып алынған көліктерге қатысты. Егер сіз көлігіңізді басқа азаматқа сатып, оны қайта тіркегіңіз келсе, оны электронды үкіметтің порталында және egov mobile қосымшасында жүзеге асыруға болады», - деді Абылайхан Оспанов.