Ауру жұқтырғандардың 4 жағдайы Атырау облысынан тіркелді.Оның ішінде Атырау қаласында -3, Жылыой ауданы-1. Олардың барлығы вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 07.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 36 адам анықталды.