• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Сәуір, 2020

Өзбекстан: Кіммен кездескеніңді күнделікке жазып жүру керек

435 рет
көрсетілді

Өзбекстанда азаматтарға кіммен кездескенін күнделікке жазып жүру ұсынылды. Аталған шара адамның бойынан коронавирус инфекциясы табылған жағдайда, онымен байланыста болған адамдарды жедел анықтау үшін қажет.

Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы осындай өтініш білдірді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 504 адам анықталған. Екі науқас көз жұмып, 30-ы емделіп шыққан. Қазір 100 мыңнан астам адам карантин режимін сақтап отыр, оның ішінде 23 мыңнан астамы — стационарларға жатқызылған.