• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2020

Covid -19 жұқтырған алғашқы ақтөбелік сауығып келеді

198 рет
көрсетілді

Осыған дейін хабарлағандай, биылғы 2020 жылдың 22 наурызы күні Венадан шығып, Испанияда өзге ұшаққа ауысып отырған ақтөбелік қыз коронавирус инфекциясын жұқтырған еді.

Ақтөбе аспанынан төмен түскен кезде одан дереу анализ алынып, тест нәтижесі оң нәтиже көрсеткені мәлім. Содан соң ақтөбелік қыз дереу провизорлық госпитальға жеткізілді. Сол күннен бері вирус қаупін жоюға және симптоматикалық ем алуға қатысты кешенді шаралар белгіленді. Әйтсе де екінші қайтара алынған анализ де жақсы нәтиже бере алмады.  Осы екі арада 16 күн артта қалыпты.

Тек он жетінші күні ғана ауруханаға ең алғаш коронавирус  жұқтырып түскен пациенттің жай-күйі жақсара бастады. Ол үйіне сәуірдің 7-і күні денсаулығына қоятын айтарлықтай талап-тілегі жоқ, қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Алдағы уақытта оның ағзасындағы өзгерістерді тұрғылықты жері бойынша тіркелген емхана дәрігерлері бақылайтын болады деді бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Өңірдің бас дәрігерінің мәлімдеуіне қарағанда, қазіргі күні облыс орталығындағы инфекциялық, провизорлық және карантиндік госпитальдарға 226 адам орналастырылған. Үй карантині бойынша 763 адам есепке алынған. КВИ жұқтырған 11 ақтөбелік оқшауланып, инфекциялық аурухана базасындағы арнайы жабдықталған палата-бокстарда жатқызылған. Мұның ішінде 9 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Біреуі орташа деңгейде және біреуінің жай-күйі ауыр деп бағаланып отыр.

 

Ақтөбе