Иран тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Сұхбат барысында тараптар елдеріндегі COVID-19 коронавирустық инфекцияға қатысты жағдайды, сондай-ақ оның таралуына қарсы күрес шараларын талқылады.Тараптар сондай-ақ көлік-логистикалық транзит мәселелерін талқылап, жүк тасымалын кедергісіз жүзеге асыруды сақтау қажеттігіне назар аударды.