• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Сәуір, 2020

Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 3 адам туралы ақпарат белгілі болды

288 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау облысынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.  Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 9 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 39 адам анықталды.