Қазақстандағы коронавирус бойынша 9 сәуірдің 22:55 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді, Алматы қаласында - 1 адам, Ақмола облысында - 4 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам.Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1936 жылы дүниеге келген.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 225 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында - 57 адам, Ақмола облысында - 60 адам, Атырау облысы - 42 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 27 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 7 адам, Қызылорда облысында - 100 адам, Батыс Қазақстан облысында - 4 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 781 науқас тіркелді.