• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Сәуір, 2020

Қазақстанда масканың шекті бағасы белгіленді

230 рет
көрсетілді

Қазақстанда Сауда және интеграция, Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрлерінің бірлескен бұйрығы бойынша масканың шекті бағасы белгіленді.

Аталған құжатқа сәйкес, медициналық маскалардың бір данасы үшін 118 теңге көлемінде шекті бағасы қойылды.

Осы бұйрықтың орындалуын Денсаулық сақтау, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің тиісті салаға жетекшілік ететін вице-министрлері бақылауға алатын болды.

Бірлескен бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар