• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 10 Сәуір, 2020

240 мыңға жуық жұмыс орны ашылады - Президент

3197 рет
көрсетілді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында поствирустық кезеңде 240 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.

«Оны жүзеге асыру үшін бұрын-соңды болмаған сома (1 трлн теңгеге дейін) бөлінеді. Бөлінген қаражат далаға кетпей, мақсатты түрде жұмсалуы тиіс. Сондықтан Үкімет пен әкімдер қазақстандық кадрларды, отандық құрылыс компанияларын және құрылыс материалдарын өндірушілерді тартуы қажет. Сонымен қатар, маған берілген талдау жоспарланған жұмыс орындарының басым бөлігі уақытша (95%-ға дейін) екенін көрсетіп отыр» деді Президент.