Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова хабарлады.
«Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 979 жағдайы тіркелген, оның ішінде 110-ы сауыққан. 21 науқас ауыр жағдайда. 12 өлім тіркелді. Орташа алғанда күн сайынғы өсім 9,9% - ды құрайды. Өткен тәулікте елімізде 86 жаңа жағдай тіркелді», - деді Л. Бюрабекова.
Оның айтуынша, қазіргі таңда медициналық бақылауда 34 236 адам бар, олардың 68% - ы үй карантинінде.