• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Сәуір, 2020

Коронавирус: Қазақстандағы өсім деңгейі 14,7% құрады

187 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус эпидемиясы бойынша Қазақстандағы ахуал туралы айтты.

«Өткен тәулікте 140 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі 14,7 пайызды құрады. Оның ішінде ең үлкен сан Алматы қаласында - 106, өсім деңгейі - 64 пайыз, Қарағанды облысында - 12, өсім деңгейі - 18 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, өсім деңгейі - 3,6 пайыз болды», - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазір 939 науқас стационарда жатыр, олардың ішінде 57 бала бар.

«Жазылып шыққан науқастардың жалпы саны - 138 адам. Қазіргі таңда 939 науқас стационарлық ем алып жатыр. Олардың ішінде 57 бала бар. Жағдайы тұрақты науқастардың саны 82 пайыз немесе 770 науқастың жағдайы жеңіл. Орташа деңгейде 151 науқас немесе 16 пайыз, ауыр деңгейде 18 науқас немесе 2 пайыз. Жасанды желдету аппаратында 8 науқас жатыр. Жалпы реанимациядан 16 адам емделіп шықты. Соңғы тәулікте үш адам реанимициядан жалпы палатаға ауыстырылды», - деді министр.