• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2020

Шетелден оралған 135 жолаушы тұрғылықты жеріне жіберілді

382 рет
көрсетілді

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен оралған отандастармыздың Талдықорған әуежайы арқылы елге кіріп, санитарлық талапқа сай оқшауланғанын жазған едік. Тиісті уақыт аралығында дәрігерлік бақылауда болып, қажетті қан сынамасын тапсырған жолаушылардан жұқпалы індет белгісі анықталған жоқ. Ал бүгін Талдықорған мен Текелі қаласында оқшауланған 135 адам тұрғылықты өңірлеріне жіберілді.

– Отандастарымыз елге келгенге дейін де БАӘ-де бірнеше күн карантинде болған. Талдықорғанға  келген бетте тиісті анализдер алынып, қорытындысы таза болып шыққан еді. Енді облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес осы азаматтарды тұрғылықты жерлеріне тегін жеткізіп салу жұмыстары ұйымдастырылуда. Атап өтсек, Талдықорған мен Текелі қаласына жеткізілген 135 азаматтың оны Қостанай облысына, оны Павлодар облысына, тоғызы Алматы облысына, сегізі Шығыс Қазақстан облысына, алтауы Ақтөбе облысына  бесеуі Ақмола облысына, төртеуі Жамбыл облысына, екеуі Батыс Қазақстан облысына, екеуі Маңғыстау облысына, екеуі Қызылорда облысына және бір-бір адам Қарағанды мен Түркістан облыстарына жол тартады. Сондай-ақ 31 жолаушы  Алматы қаласына, 27 адам Нұр-Сұлтан қаласына, 16 тұрғын Шымкент қаласына және бір жүргінші Байқоңыр қаласына баруы тиіс. Біз алдын ала тиісті облыстар мен қалалардың жедел штабтарына бұл азаматтар туралы ақпарат бердік. Жолаушыларды қабылдап алу мәселесі келісілді. Бүгін олар арнайы көліктермен өз өңірлеріне жеткізіледі, - деді бізге Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Алматы  облысы