Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисықова хабарлады.
Науқас 1950 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.
11 сәуірде 21:45 сағат бригадасымен жедел медициналық көмек провизорлық стационарға ауыр халде жеткізілді. Осыған байланысты шұғыл ранимация бөліміне жатқызылды.
Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Қосымша диагноздары: аорто-коронарлық шунттау, ЖИА, артериялық гипертензия, қант диабеті.
Диагностика барысында тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмониямен асқынған КВИ-дың болуы расталды. 12 сәуірде науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды.
Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 22.20-де жүрек қызметі тоқтады. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 23:40 минутта биологиялық өлім анықталды.