• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Атырау: Мас жүргізуші 30 тәулікке қамауға алынды

263 рет
көрсетілді

Атырау облысының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада кешкі  сағат 21:00-ден  кейін  жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің жүруіне тыйым салынған еді.

Осыған орай полиция қызметкерлері түнде себепсіз жүргендерді анықтап, тоқтату үшін  рейдке шығады.

–Мәселен, 12 сәуір күні кешкі сағат 21:20 шамасында полиция басқармасының «Батыс 25» экипажымен Атырау қаласындағы Сәтбаев-Пушкин көшелері қиылысында кетіп бара жатқан «Mercedes Benz» автокөлігі анықталды. Экипаж қызметкерлері тоқтатпақ болғанмен, көлік жүргізушісі талапты орындамаған. Дауыс күшейткіш құралымен бірнеше рет қайталағаннан кейін жүргізуші көлігін Құлманов көшесі бойындағы «Атырау» сауда орталығы тұсында тоқтатқан. Жүргізушілік құжаты жоқ азаматтың дәрігерлік сараптама қортындысымен «орта» дәрежелі мас екендігі де анықталды, -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері «Мercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 4 бірдей  бабымен  әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолдады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен аталған кодекстің  601-бабымен (Жол белгісі талабын орындамау) 4167 теңге мөлшерінде айыппұл, 613-бабымен (Полиция қызметкерінің автокөлікті тоқтату талабын орындамау) 41670 теңге мөлшерінде айыппұл салу, 608-баппен  (Жүргізу құқығы жоқ, алкогольдік ішімдік ішкен масаю күйде автокөлікті басқару)  20 тәулікке қамаққа, 478-баппен (Төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау) 10 тәулік қамаққа алу белгіленген. Қорытындысында  Атырау қаласының 1986 жылы туған тұрғынына  45837 теңге мөлшерінде  айыппұл салынып, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қазір  Атырау облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі «Батыс 25» экипажының қызметкерлерімен құқық бұзушыны ұстау кезіндегі заңдылықтың сақталуына қатысты қызметтік тергеу жүргізуді қолға алды.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ