• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Сәуір, 2020

643 ауыл интернетке қосылады

169 рет
көрсетілді

Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов хабарлады. 

«Біздің министрліктің салалық мемлекеттік орган ретіндегі негізгі міндеті - әрбір қазақстандықтың интернетке қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету, телекоммуникация қызметтері нарығын арттырып, қызметтердің басқа да түрлерін ұлғайтып, тұтынушылардың сұранысын жауып, ел экономикасын көтеру. Бұл орайда осы міндетті орындау мақсатында байланыс операторларымен бірлесе отырып, бірқатар жоба іске асырылып жатыр. Қолданыстағы байланыс туралы заңға сәйкес, байланыс операторлары өз қаражаттары есебінен байланыс жүйелерін салу және дамытуды іске асырады», - деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, жыл соңына дейін 643 ауыл интернетке қосылады. 

«Бұл жұмыс 2018 жылы басталған болатын. Екі жыл ішінде біраз жұмыстар атқарылды. Екі жоба аясында қазіргі кезде 1200 ауылды интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 50 пайыз, яғни 607  ауыл қосылған. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасады. Қалған 643 ауыл жыл аяғына дейін интернет желісіне қосылады», - деді вице-министр.