• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Өскемен тұрғыны рұқсат қағазын принтерден басып шығарған

944 рет
көрсетілді

Азаматтардың өз рұқсаттамаларын өзге адамдарға беру жағдайлары да белгілі болды.

Шығыс Қазақстанның екі үлкен шаһары - Өскемен және Семейде шектеу шараларының енгізілгеніне екі аптаға жуықтады. Осыған қарамастан тәртіпке бағынбай, ереже бұзған адамдар қатары азаймай тұр. «Екі аптадан бергі түсіндіру жұмыстарынан кейін полицейлер  төтенше жағдай кезеңіндегі тәртіпті сақтамаған адамдарға тиісті шаралар қолдануға көшті. Бүгін таңертең жүргізілген рейдтің алғашқы бір сағатында ғана  полиция қызметкерлері  автомобиль жүргізушілерінен 5 рұқсаттаманы тәркілеп, жергілікті атқарушы органдарға жолдады. Рейд кезінде Қазақстан және Нұрмағанбетов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері жүргізушіден  қызыл түсті рұқсаттаманы тәркілеп алды. Автокөлік иесінің ұсынған  құжаттарын тексеру барысында рұқсаттаманың жалған екені, түрлі-түсті принтермен басып шығарылғаны анықталды. Сондай-ақ, азаматтардың өз рұқсаттамаларын  өзге адамдарға беру жағдайлары да белгілі болды. Тексеру барысында жүргізушілердің біреуі «түсті» рұқсаттаманың медицина саласында жұмыс істейтін қызына берілгендігін айтты, ал ол осы рұқсаттаманы өзінің жеке автокөлігіне пайдаланған» делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

ӨСКЕМЕН