• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Сәбиге де шеңгелін салды

189 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 87-ге жетті.

Бүгін, яғни 17 сәуір күні облыста тағы да үш адамнан аталған індеттің белгілері табылды. Ауырғандардың бірі – алты айлық сәби. Оның ата-анасы «жаман тұмау» жұқтырып, инфекциялық госпиальде жатқан екен. Ал сәбидің өзі провизорлық госпитальде болған.

Екінші науқас та Қарағанды қаласынан. Жасы 41-дегі ер адам бұрын инфекция жұқтырғандармен байланыста болыпты.

Үшінші жұқтырған – Теміртау қаласының 19 жастағы тұрғыны. Ол да бұрын ауырғандармен аралас-құрылас болған екен.

 

 

Қарағанды облысы