Қарағанды облысы - 3 жағдай. Науқастардың бірі - Қарағанды қаласындағы 6 айлық бала. Оның ата-анасы жұқтырғандардың қатарында, жұқпалы госпитальда болған. Бала провизорлық госпитальде болды.Екінші науқас - 41 жастағы Қарағанды тұрғыны. Соның ішінде жақын байланыстар бұрын жұқтырылған. Провизорлық госпитальде болды. Үшінші науқас - 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да жұқтырғандармен жақын байланыста болған.Павлодар облысы - 2 жағдай. Бірінші науқас - 1949 жылғы Екібастұз тұрғыны. Ол бірден провизорлық госпитальға жеткізілген. Ер адамның айтуынша, бес күн бойы ауырса да, медициналық көмекке жүгінбеген.Екінші науқас - 1978 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны.15 сәуірде ол ЖРВИ диагнозымен провизорлық пульмонологиялық госпитальға жеткізілді. Әйелдің айтуынша, ол шетелге шықпаған, КВИ жұқтырғандармен байланыста болмаған,Қызылорда облысы - 9 жағдай. Науқастардың барлығы Жаңақорған ауданының тұрғындары.Ауру жұқтырғандардың үшеуі - 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Алтауы - ер адамдар, олардың арасында ең үлкені 83 жаста.8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.
Коронавирус
•
17 Сәуір, 2020
Коронавирус: Соңғы тіркелген жағдайлар бойынша мәлімет
1127 рет
көрсетілді