• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Сәуір, 2020

Коронакризистік жағдайды қалпына келтіру үшін 8 трлн доллар қажет

209 рет
көрсетілді

Сарапшылар 2020 жыл мұнайға деген сұраныстың төмендеп кететінін өткен жылы ескерткен. 2020 жылдың басынан, бағалар соғысының теке-тіресіне қарамай, бұрынғыдай АҚШ пен Түркия экономикасы өсім беріп отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп кешегі мәлімдемесінде Құрама Штаттар   1 мамырдан бастап карантиндік шектеуді әлсірететінін айтты.

Нью-Йорк губернаторы қаладағы шектеулер кем дегенде 15 мамырға дейін созылатынын айтты. Германия канцлері Ангела Меркель келесі аптадан бастап азық-түлік емес дүкендерге (кітаптар, спорттық жабдықтар) шектеулердің ішінара алынып тасталатынын жариялады.

4 мамырдан бастап Германияда оқуды қайта бастау жоспарлануда. Ал  Ұлыбритания СІМ Ұлыбританиядағы шектеулер тағы үш апта бойы жалғасады деп мәлімдеді.

Бейсенбіде АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініштер саны туралы мәліметтер жарияланды. Соңғы аптада олардың саны 5.245 миллионды құрады.  

Жалпы, соңғы төрт аптаның ішінде АҚШ-та жұмысынан айрылған адамдардың саны 22 миллион адамға жетті - бұл 1945 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш екен.  АҚШ-тағы коронакризис басталуы қарсаңында 130 миллион жұмыс орны  бар еді,  сарапшылар осы дерекке қарап  жұмыссыздық 15%-дан асуы мүмкін екенін айтып жатыр.

Жалпы қор биржаларындағы жағдай мәз емес.  Бірақ жұмыс жүріп жатыр.  Мұны сарапшылар, «аюлардың» жаңа триггеріне балап жатыр.

Тауар нарықтары туралы айтатын болсақ, өткен күннің басты оқиғасы ОПЕК-тің нарықтық баланс пен ағымдағы жылға сұраныс туралы ай сайынғы есебін жариялау болды.

Құжаттың негізгі тармақтарының ішінде АҚШ-тағы мұнай өндірісінің болжамында  тәулігіне минус 850 мың баррельден жылына 12.03 млн баррельге дейін жеткізу керек.  2020 жылы тәуліктік сұраныстың төмендеуі тарихтағы рекорд болып табылады және тәулігіне 6,8 млн баррельді құрайды. ОПЕК-тің жаңартылған болжамында үшінші елдерден экспорт күніне 1,5 миллион баррельге қысқарады.

«Наурызда ОПЕК нарығының үлесі 28,7% құрады.  Ақпан айында ЭЫДҰ елдеріндегі мұнай мен мұнай өнімдерінің тауарлық қоры 24,7 миллион баррельге өсті, бұл соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен асып түсті», деп хабарлайды ОПЕК есебінде.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ билігі мұнай компанияларына артық өндірісті болдырмау үшін мұнай өндіруден бас тартқандарға төлем жасауға кірісуі мүмкін. «Карантиндегі Ресейдің ірі қалаларында бензин шығыны 30-50% төмендеді», деп хабарлады РФ Энергетика министрлігі.

Сонымен бірге Сауд Арабиясы мен Ресейдің энергетика министрлері телефон арқылы сөйлесті, содан кейін олар қажет болған жағдайда ОПЕК + басқа мүшелерімен және мұнай өндірушілерімен қосымша шаралар қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ билік органдарының бір адамға 100 мың иен мөлшеріндегі төлем жасау туралы жоспарларын жариялады.  Ал  ХВҚ бейсенбі күні мүше 25 елден қарызды төлеу мерзімін кейінге қалдырды деп мәлімдеді.

Ұйым дағдарысты еңсеру үшін 8 трлн доллардан астам қаражатты қажет етеді деп есептейді ұйым.