• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Сәуір, 2020

«Бэк Эйр» ұшу сертификаттарынан айырылды

144 рет
көрсетілді

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Бэк Эйр» АҚ-ның пайдаланушы және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 12 бабының 5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты «Бек Эйр» АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды. Сондай-ақ, «Бек Эйр» АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылды.

Пайдаланушы және жоғарыда көрсетілген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын алу үшін әуе компания қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет.

Бұрын хабарланғандай, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп  «Бек Эйр» әуе компаниясының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтары анықталды.