• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында карантин режимі күшейтіледі

156 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап карантин режимі күшейтіледі. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 сәуірде сағат 00:00-ден бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халық тұрмысының ерекше жағдайлары қарастырылған карантин режимі күшейтіледі. 21.04.2020 ж. сағат 00:00-ден бастап төмендегілерді қоспағанда, аудандардың және Петропавл қаласының карантиндік аймақтарының аумағынан кетуге/кіруге тыйым салынады:

халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері; медициналық себептермен кететін және кіретін адамдар; карантин енгізілген кезеңде ауруханаларда емделіп, карантиндік және уақытша ауруханаларда бақылауға алынған адамдардың кетуі; транзиттік жүк көліктері;

халықтың қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да өнімдері бар жүк көліктері; көктемгі дала жұмыстарына, экологиялық, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, соның ішінде ара шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтама ұсынылған кезде жүруге болады. Әуежайдың, теміржол вокзалдарының, автостанциялар мен автовокзалдардың қызметі тоқтатылады.