• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Іле ауданының тағы 2 тұрғынынан індет белгісі табылды

769 рет
көрсетілді

Осы сәтке дейін мәлім болған дерек бойынша Алматы облысындағыкоронавируспен ауырғандар саны тағы екеуге көбейіп, індет жұқтырғандар саны 55 адамға жетті.

Жұқпалы індет инфекциясы Іле ауданының 1986 жылы және 1990 жылы туған тұрғындарынан табылған. Екеуі де бұған дейін анықталған індет ошағымен байланыста болған екен.

Науқастар жедел түрде Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіліп, оқшауланды. Олармен қарым-қатынас жасағандар анықталуда.