Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты республикалық онлайн конференция өтті.
Онлайн конференцияға «Хәкім Абай» ғылыми- зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жабал Шойынбет, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Абайтану» орталығының ғылыми қызметкері Мақсат Әліпхан, жазушы, әдебиет зерттеушісі Елдос Тоқтарбай, жазушы-драматург Әлібек Байбол, Шығыс Қазақстан облысы Абай атындағы әмбебап кітапхана директорының кітапхана орынбасары Гүлмира Аязбаева қатысты.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абай шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскім келеді»-деді. Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аздау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін қазіргіден де теңірек танып, білгеніміз жөн, -деді онлайн конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде облыстық кітапхана директоры Ғалия Тоқабева.
Жалпы, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Алматы облысында бірқатар мәдени шара қолға алынған. Мәселен, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында аймақтағы 278 кітапхананың мұрындық болуымен «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» виртуальды кітап көрмес, Абай өлеңдерін оқудан поэтикалық марафондар, жастар арасында Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтудан челлендждер, Абай оқулары шаралары өткізіліп жатыр. Сондай - ақ, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Жетісу жазба ақындарының арасында «Абайға арнау» мүшәйрасы ұйымдастырылып, сайыс қортындысы бойынша іріктелген 178 өлең «Адамзаттың Абайы» атты өлеңдер жинағына еніп отыр.
- Өткен қаңтар айында Мәдениет және спорт министрі бас болып, Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен Прага қаласындағы кітапханада «Абай» орталығы ашылды. Сондай-ақ, Венгрия, Славакия, Германиядағы кітапханаларда «Абай оқулары» ұйымдастырылды. Осы аталған шараға Алматы облыстық кітапханасының директоры Ғалия Тоқабева арнайы барып, шетелдік оқырмандарға көрімдік ретінде 109 кітапты сыйға тартқан еді. Бұл өткен онлайн конференция Ұлы Абай рухына жетісу оқырмандырының атынан жасалған тағы бір тағзымның белгісі. Еліміздің бірнеше қаласынан абайтанушы ғалымдар байланысқа шығып, ойларын ортаға салды. Мағыналы, ұлағатты әңгімелер айтылды. Әсіресе, конференция барысында Семей қаласындағы әріптестеріміздің Абай туған өлкеге, «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне жасаған бейне саяхат өте әсерлі болды, - облыстық кітапхананың бөлім басшысы Гүлнар Омарханқызы.
Алматы облысы