• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 22 Сәуір, 2020

​​АҚШ қазақстандық дәрігерлерге қорғаныс құралдарын жіберді

195 рет
көрсетілді

Коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті тапсыру іс-шарасына қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік кіреді.«СҚ-Фармация» ЖШС COVID-19 коронавирус індетімен күресу үшін Қазақстанға ұсынылатын барлық гуманитарлық көмекті алу және бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.