• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Сәуір, 2020

Қазақстан мен Оман үкіметтері арасындағы келісім күшіне енді

311 рет
көрсетілді

2018 жылғы 11 маусымда Масқат қаласында қой қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, арнайы және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» 2020 жылғы 23 сәуірде күшіне енді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімнің 2-бабына сәйкес, бір тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық, арнайы және қызметтік паспорттарының иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына кірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге визасыз кіре алады, одан шыға алады, транзитпен өтуге және онда болуға құқылы.

«Осы Келісімнің күшіне енуі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың даму тарихындағы маңызды оқиға болып табылады, сондай-ақ өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін қосымша ынта береді» делінген хабарламада.