• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Қатыгез ана нәрестесін өлтірді

346 рет
көрсетілді

Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласында жаңа босанған қаныпезер ана сәбиін полиэтилен пакетіне салып, бақша ішіне тастап кеткен. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаныпезер ана бойынан қан кетуі себепті амалсыздан дәрігерлерге көрінген кезінде, аурухана қызметкерлері оның бала туғанын біледі. Іле бұл мәліметтен жергілікті полиция бөлімі де хабардар болып, безбүйрек ананың өз сәбиін тастап кеткенін анықтады. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Аналардың осындай әрекетке баруы еш ақтауға жатпайтын әрекет. Өкінішке қарай, сәбилерді аяусыз өлтірушілер саны азаймай тұр.

Данияр ТҮЙМЕБАЙ.

Соңғы жаңалықтар